Ұлан Қонысбаев мансабы туралы айтты

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Ұлан Қонысбаев мансабын жалғастыру жайлы айтты.
«Әзірге ҚПЛ клубтарынан ұсыныс жоқ, сондықтан кәсіпқой спорттағы болашағым бұлынғыр. Медиафутболда бағымды сынаймын», - деді футболшы Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында.
Ұлан Қонысбаев әр жылдары «Тараз», «Астана», «Шахтер», «Қайрат», «Атырау», «Ақтөбе», «Оқжетпес» командаларында ойнаған.