Australian Open: Рыбакина – Азаренко кездесуінің тікелей трансляциясы
 
                  26 қаңтарда қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Австралия ашық чемпионатының жартылай финалында беларусьтік Виктория Азаренкамен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рыбакина 1/8 финалда әлемнің бірінші ракеткасы Ига Свентекті жеңсе, Азаренко ширек финалда әлемдік рейтингте үшінші орында тұрған Джессика Пегуладан басым түсті.
Рыбакина – Азаренко кездесуінің тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады (матч Қазақстан уақытымен 14:30-да басталады). Кездесуді кабельдік телеарна абоненттері Eurosport телеарнасынан көре алады.
                                          Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
                  
                  
                  Комментарии
                                              Для того, чтобы оставить комментарий,  или