ҚПЛ клубы логотипін өзгертеді

ҚПЛ клубы логотипін өзгертеді

Оралдың «Ақжайық» клубы логотипін жаңарту үдерісі басталғанын хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Команда ребрендинг жасауға дайындалып жатыр. Клуб басшылығы логотипті өзгерту туралы шешім қабылдады. Әр жанкүйердің пікірі ескеріледі. Идеяларыңыз немесе дайын логотип дизайны болса logo@fcakzhayik.kz электронды поштасына жіберуіңізге болады», - деп жазады клубтың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, «Ақжайық» 2022 жылғы маусымның соңында Бірінші лигаға түсіп қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или