Зоран Тошич «Тобылдан» кеткен соң мәлімдеме жасады

Зоран Тошич «Тобылдан» кеткен соң мәлімдеме жасады

Сербиялық футболшы Зоран Тошич «Қостанайлық Тобылдан» кеткен соң Instagram желісінде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Екі сәтті маусым үшін рахмет. Жаңа сынақтардың уақыты келді. Жанкүйерлер, қолдауларыңызға рахмет. Алға, Тобыл!» деп жазды 35 жастағы серб жартылай қорғаушысы.

Қостанайлық команда сапында Тошич 50 кездесуде 11 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді, Қазақстан чемпионы, сонымен қатар ел Суперкубогының иегері атанды.

Айта кетейік, бұған дейін сербиялық ойыншы венгриялық Дебреценнің ойыншысы атануы мүмкін деген ақпарат болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или