18 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы матчтарының кестесі жарияланды

26 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Болгарияның София қаласында екінші дивизионның В тобындағы 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі kazakhstanhockey парақшасына сілтеме жасап.
А тобына жолдама алу үшін Қазақстан құрамасы Исландия, Жаңа Зеландия, Болгария, Бельгия және Эстония командаларымен бәсекелеседі.