«Тобыл» Серікжан Мужиковпен жаңа келісімшарт жасасты

«Тобыл» Серікжан Мужиковпен жаңа келісімшарт жасасты

«Тобыл» футбол клубы жартылай қорғаушы Серікжан Мужиковпен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы қостанайлық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Серікжан Мужиков «Тобыл» сапындағы дебютін 2020 жылы 7 наурызда «Шахтерге» қарсы ойында (3:1) өткізген. Клуб сапында жалпы 64 кездесуге қатысып, 10 гол соқты. Өткен маусымда жартылай қорғаушы 10 нәтижелі пас берді.

Жартылай қорғаушымен жаңа келісімшарт 2023 жылдың соңына дейін есептелген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0