Асхат Тағыберген «Тобылдан» кетті

Асхат Тағыберген «Тобылдан» кетті

Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты «Тобыл» командасынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы қостанайлық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Өткен маусымда Асхат Тағыберген «Тобылдың» негізгі ойыншысы болды. Қауіпті сәттердің көбі сол арқылы жасалатын, оның қуатты соққысы да жанкүйер есінде қалды. 

Асхат «Тобыл» сапында жалпы 76 кездесуге қатысып, 16 гол соқты. Командамен бірге ел чемпионы атанып, Қазақстан Суперкубогын екі рет жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0