Астанада футболдан Медиалига матчтары басталды

Кәсіпқой клубтар оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқанда, елордада медиа-футбол жұлдыздары өнер көрсетеді. Астанада ТМД-ның ең мықты 8 командасы арасындағы алғашқы халықаралық турнир басталды. Атап айтқанда, Қазақстаннан SD Family, OneGame, KONOHA және Sparta, ресейлік 2DROTS, FlightNights және BrokeBoys, сондай-ақ Қырғызстанның TOP TEAM командасы қатысып жатыр. Командалар екі топқа бөлінді.
1-турдың орталық матчы SD Family мен 2DROTS арасында өтті. Бұл ойынға Астананың суығына қарамастан жанкүйер көп жиналды.
Бірінші тайм аса тартысты өтті. Кезінде «Тобылдың» жастар командасында өнер көрсеткен SD Family қақпашысы Станислав Самойловтың ойынын атап өткен жөн. Бірақ бірінші тайм соңында 2DROTS гол соғып кетті.
Астаналық команда қанша тырысқанымен 2DROTS қақпасына гол соға алмады. 84-минутта ресейліктер басымдылығын еселеп, алғашқы үш ұпайға қол жеткізді. SD Family капитаны Дидар Сыдықбек бұл кездесу финалға лайық болғанын атап өтті.
«Олармен финалда қайта кездесеміз деп үміттенемін. Енді ең бастысы – топтағы екі кездесуде жеңіске жетіп, жартылай финалда өзге топтағы қарсыласты жеңу», – деді Сыдықбек.
Оның айтуынша, медиа-футбол лигасының ашылуы - елдегі жастар футболы мен әуесқой футболды дамытуға пайдалы. SD капитаны биыл клубтың негізгі қолдаушысы Қазақстанда жастар футболын белсенді дамытып жатқан JUSAN банкі болатынын айтты. Айта керейік, былтыр қазан айында банктің қолдауымен «Своя лига» балалар турнирі өтті.
«JUSAN бізге екінші жыл қатарынан қолдау көрсетіп жатқанына өте қуаныштымыз. Бізде «саған сенеміз» деген ұран бар, олар бізге сенеді. Біз бұл сенімді ақтауымыз керек, жыл сайын оны дәлелдей беруіміз керек. Менің ойымша, бәрі ойдағыдай болады, бізде ұзақ мерзімді келісімшарт бар. Бұл жылды міндетті түрде бірге өткіземіз. JUSAN балалар-жастар лигасын атап өткен жөн, онда біз Астана мен Ақмола облысының балалары үшін екі маусымдық тегін турнирлер өткіземіз», – деді ол.
Бұған дейін SD Family банкпен бірлесіп, «Я СДШНИК» жобасын жасап, футболды ұнататын 14 пен 17 жас аралығындағы бозбалалардың Дидардың командасына кіруіне мүмкіндік жасаған.
«Я СДШНИК» жобасы – жас балалар мен мектеп жасындағы балалар үшін үлкен сыйлық. Ең бастысы, кез келген қаладан балаға біздің медиа-командаға қабылдануға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда JUSAN-мен бірге біздің міндетіміз – жас балаларға көмектесу. Мысалы, біздің команданың мүшесі Тимош қазір TikTok жұлдызы, оны әр оқушы біледі. Осылайша, біз салауатты өмір салтын насихаттаймыз, қазір балалар бос жүрмейді, спортпен шұғылданады », – деп атап өтті Дидар.
Сыдықбектің айтуынша, биыл SD Family банктің қолдауымен бүкіл елді аралап, әр өңірде бұқаралық және әуесқой футболды дамытуға күш салады.
«Медиа лигада бүкіл Қазақстанды аралауды жоспарлап отырмыз. Онда біз әр аймақта футболға жаңа серпін беру үшін жұлдыздармен матч өткіземіз. Серіктестерімізбен бірге әр өңірде футболдың дамуына көмектесуге тырысамыз әрі табысқа жететінімізге сенімдіміз», - деді Сыдықбек.
Медиалиганың келесі тур матчтары 28-29 қаңтарда «Астана Арена» стадионында өтеді.