УЕФА «Ювентусты» еурокубоктардан шеттетуі мүмкін

УЕФА «Ювентусты» еурокубоктардан шеттетуі мүмкін

Туриндік «Ювентус» қаржылық заңбұзушылықтарға байланысты еурокубоктардан шеттетілуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Чемпионат сайтына сілтеме жасап.

УЕФА «Ювентусты» жалақы төлеудегі алаяқтық үшін жазалауы мүмкін. 2021 жылы «Ювентус» қаржылық фэйр-плей ережелерін сақтамағаны үшін 3,5 миллион еуро айыппұл төледі. Алдағы үш жылда «Ювентустың» басқа да қаржылық заңбұзушылықтар жасағаны дәлелденсе, айыппұл сомасы 23 миллион еуроға дейін өседі. Шығын көлеміне байланысты «Ювентус» кем дегенде бір маусымға еуропалық жарыстардан шеттетілуі мүмкін. Ықтимал жаза туриндік клуб еурокубоктарға жолдама алған жылы ғана күшіне енеді. 

Бұған дейін «Ювентустан» 15 ұпай алынып, Италия чемпионатында үшінші орыннан оныншы орынға түсіп қалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0