Бокс

Бокстан жастар арасындағы АЧ: үш қазақстандық жартылай финалға шықты

Бокстан жастар арасындағы АЧ: үш қазақстандық жартылай финалға шықты

Таиланд астанасы Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер арасында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында үш қазақстандық спортшы жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мұхамедсабыр Базарбайұлы 63,5 келіге дейінгі салмақта бастапқы кездесуін сәтті өткізді. Ол таиландтық Роекпиджит Суфарекпен жұдырықтасып, оны үш рет нокдаунға жіберіп, үшінші раундта техникалық нокаутпен ұтты. М. Базарбайұлы жартылай финалда моңғолиялық Тулга Оюнбаатармен кездеседі.

Жастар арасындағы әлем чемпионы Сабыржан Аққалықов 71 келіге дейінгі салмақа кувейттік Сальман Аль-Шаммаримен рингке шықты. Бірінші раундта Сабыржан қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Сөйтіп, бұл кездесу де техникалық нокаутпен аяқталды.

Тағы бір қазақстандық Диас Молжігітов 75 келіге дейінгі салмақта қырғызстандық Даниэл Абдрахмановты айқын басымдылықпен ұтты. Бұл жекпе-жекте де бірінші және үшінші раундта нокдаун тіркелді.

Осылайша, үш боксшы жартылай финалға шықты. Бұл – кемінде қола жүлде қоржында деген сөз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0