«Тобыл» сапына «Зениттің» экс-ойыншысы қосылды

Қостанайлық команда сапына 28 жастағы жартылай қорғаушы Павел Киреенко қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Павел Киреенко 2011 жылдан бастап «Зенит» жастар командасының құрамында өнер көрсетті. 2014 жылдан бастап «Зенит-2» сапында доп теуіп, бақылау ойындарда «Зениттің» негізгі құрамымен жұмыс істеді.
Форвард бірнеше маусымды «Динамо» (Санкт-Петербург), «Сибирь» және «Томь» сияқты ФНЛ клубтарында өткізді. 2021 жылдың қысында ол Армения Премьер-Лигасының «Ной» клубына ауысты.
Былтыр оның мансабы Ақтау қаласының «Каспийінде» өтті.

Футболшының «Тобылмен» келісімшарты бір жылға есептелген.

Туған күні: 14 маусым 1994
Бойы: 175 см
Салмағы: 73 келі
Азаматтығы: Ресей