«Барселонаның» бұрынғы футболшысы қамауға алынды

«Барселонаның» бұрынғы футболшысы қамауға алынды

Барселона соты бразилиялық футболшы Дани Алвесті жыныстық зорлық жасады деген айыппен қамауға алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Судья прокуратура мен жәбірленушінің 39 жастағы Алвеске қатысты өтінішін қанағаттандырды: «Барселонаның» бұрынғы қорғаушысы кепілсіз түрмеге жабылады.

Мексиканың «Пумас» клубында ойнайтын Алвеске өткен жылдың 30 желтоқсанына қараған түні Барселона түнгі клубының ваннасында әйелді зорлады деген айып тағылуда.

Тарихтағы ең атақты футболшыны (46 жүлде) жұма күні куәлік бергеннен кейін полиция қамауға алды, кейін сот оны қамауға алу туралы шешім шығарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0