Путинцева Australian Open турнирінің үшінші айналымына өте алмады

WTA рейтингісінде 47-орында тұрған қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
1/32 финалда отандасымыз чехиялық теннисші Каролина Плишковаға (әлемнің 31-ракеткасы) есе жіберді.
1 сағат 18 минутқа созылған кездесу 0:6, 5:7 есебімен аяқталды.