Елена Рыбакина сенімді жеңіске жетіп, Australian Open үшінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open екінші айналымында словениялық Кайя Йуванды жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч 59 минутқа созылып, Елена 6:2, 6:1 есебімен басым түсті.
Енді Рыбакинаның қарсыласы чехиялық Каролина Мухова мен америкалық Даниэль Коллинс матчының жеңімпазы болады.
Фото: ktf.kz