Габдуллин OCTAGON титулы үшін жекпе-жек өткізудің басты шартын айтты

Алдағы сенбіде Алматыда OCTAGON лигасының 2023 жылғы алғашқы турнирі өтеді.
Негізгі кардта Еуразиялық жекпе-жек промоушенінің ең жеңіл салмақтағы «уақытша» чемпионы Алишер «Mortal Kombat» Габдуллин (10-3) өнер көрсетеді, ол былтыр наурыздан бері алғашқы жекпе-жегін өткізгелі отыр. Отандасымыз Арман Әшімовтің бұрынғы қарсыласы әзербайжандық Сархан Валилимен (8-4) кездеседі.
Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында файтер неге ұзақ уақыт октагонға шықпағанын, келесі жекпе-жекке дайындық және өзі жоқта болған қызықты оқиғалар туралы айтып берді.
– Әлішер, сегізбұрышқа соңғы рет былтыр наурызда шықтыңыз. Ұзақ уақыт бойы жекпе-жек өткізбеуіңіздің себебі неде?
– Былтыр алты жекпе-жек өткізіп, сол үшін маған демалыс керек болды. Әр жолы салмақ тастау керек болды. Мұның бәрі организмге әсер етеді, сондықтан демалып, қалпыма келуге шешім қабылдадым.
– Осы аралықта ең жеңіл салмақта қандай қызық оқиғалар болды деп ойлайсыз?
– Ерекше қызықты ештеңе болған жоқ. Кейбір клоундар келді, мысалы, поп-ММА-дан келгендер. Мұндай файтерлер күлкілі көрінеді. Оларды келген жеріне қайтаруға дайынмын.

– 21 қаңтарда Арман Әшімовтің бұрынғы қарсыласы, әзербайжандық Сархан Валилимен кездесесіз. Үзілістен кейінгі алғашқы қарсыласыңыз жайлы не айтасыз?
– Бұрынғылар сияқты жақсы қарсылас. Есеп бойынша, бұл ауысқан алтыншы немесе жетінші қарсылас, бірақ біз дайынбыз.
– OCTAGON-да бір-ақ рет мерзімінен бұрын жеңіске жеттіңіз. Келесі қадам осы бағытта жасалатын шығар?
– Солай деп ойлаймын. Алла бұйырса, мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, бонус алуға тырысамын.

– Алдағы жекпе-жекке дайындық қалай жүріп жатыр?
– Дайындық керемет өтіп жатыр. Жеңіске жетеміз.
– Ең жеңіл салмақтағы «уақытша» чемпиондық белбеудің иегерісіз. Толық титулға қашан таласасыз?
– Қазіргі чемпион жергілікті қазақ азаматы, сол үшін өзіміздің жігітпен жұдырықтасуға ниетті емеспін. Егер чемпион өзгерсе, мен дайынмын.
– Чемпиондық жекпе-жектің мансабыңызды дамытуға әрері қандай болады?
– Қалай айтсақ та, белбеу – мансап жолыңыздағы үлкен артықшық.

– Сіздің досыңыз әрі бұрынғы OCTAGON чемпионы Шермұрат Қалилов Грузияның GFC промоушеніндегі алғашқы жекпе-жегінде жартылай жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуді жеңіп алды. Шетелде бақ сынап көру ойыңызда бар ма?
– Иә, Шермұрат «Пантера» Қалилов өте мықты файтер. Оны UFC-де көреміз деп ойлаймын. Шетелге шығу жоспарымыз бар, менің істерімзді Underdog спорт агенттігі жүргізеді, олар жақында Грузия немесе басқа жерден титулды жекпе-жек тауып береді деп ойлаймын.
Фото: OCTAGON, Алишер Габдуллиннің инстаграм парақшасы
Алдағы ивентке билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
Турнирдің ресми серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы