Командалық

Волейболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты 4-турының өтетін күні мен орны анықталды

Волейболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты 4-турының өтетін күні мен орны анықталды

Ұлттық лиганың әйелдер командалары арасында волейболдан Қазақстан чемпионаты 4-турының өтетін күні мен орны анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Қазақстан волейбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

31 чемпионаттың 4-туры 20-27 ақпан аралығында Түркістанда өтеді. Естеріңізге сала кетейік, әйелдер Ұлттық лигасының 3-туры 21-28 қаңтар аралығында Өскеменде өтеді.

Екі турдан кейін өскемендік «Алтай» 10 кездесудің барлығында жеңіске жетіп, 30 ұпай жинап, көш бастап келеді. Петропавлдық «Қуаныш» 25 ұпаймен екінші, 24 ұпай жинаған «Алматы» үшінші орында тұр.

Фото volley.kz

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0