«Барселона» «Реалдан» басым түсіп, Испания Суперкубогын жеңіп алды

«Барселона» «Реалдан» басым түсіп, Испания Суперкубогын жеңіп алды

«Барселона» Испания Суперкубогының финалында «Реалды» 3:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

33-минутта Гави «Барселонаны» алға шығарды, ал бірінші таймның соңында Роберт Левандовски есепті еселеді. 69-минутта Педри тағы бір гол соқты. Мадридтік команда сапында Кәрім Бензема қосымша уақытта голдың авторы атанды.

Каталониялық клуб Испания Суперкубогын 14-рет жеңіп алды, бұл рекордтық көрсеткіш болып саналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или