Роналду «Барселонаға» қарсы матч алдында «Реал Мадридке» сәттілік тіледі

Роналду «Барселонаға» қарсы матч алдында «Реал Мадридке» сәттілік тіледі

<span>«Әл-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Испания Суперкубогының финалында «Барселонаға» қарсы ойында өзінің бұрынғы клубы «Реал Мадридке» сәттілік тіледі, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Сhampionat.com сайтына сілтеме жасап.</span>

<span>«Жексенбіде өтетін финалдық ойында «Реал Мадридке» сәттілік тілеймін. Осындай үлкен тарихы бар команданың бұрынғы әріптестерім және достарыммен көрісуге әрқашан қуаныштымын», - деді Роналду «Реал Мадридтің» ресми сайтындағы видеода.</span>

<span>Еске салайық, Испания Суперкубогының матчтары Сауд Арабиясында өтіп жатыр. 2009 жылдан 2018 жылға дейін «Реал Мадрид» сапында ойнаған. Роналду 2022 жылдың желтоқсан айында жергілікті «Әл-Наср» ойыншысы атанды. Бұған дейін ол бұрынғы клубтың жаттығуына барып, бұрынғы әріптестерімен және «Реал Мадридтің» бас бапкері Карло Анчелоттимен кездескен болатын.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или