Месси мен Мбаппе футболдан әлем чемпионатынан кейін қалай кездесті

Месси мен Мбаппе футболдан әлем чемпионатынан кейін қалай кездесті

«ПСЖ» (Париж) командасының шабуылшылары Лионель Месси мен Килиан Мбаппе Қатарда өткен әлем чемпионатынан кейін алғаш рет кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сhampionat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, қысқа мерзімді демалыс алған Мбаппе «ПСЖ» клубына қайта оралды. Жуырда Месси де «ПСЖ» командасы құрамында Франция біріншілігінде «Анжемен» өткен матчта алаңға шығып, гол соққан еді. Қос жұлдыздың биылғы бірінші кездесуі оң шырайда өткен, футболшылар жылы көріскен.

Қатардағы әлем біріншілігінен кейін Аргентина құрамасының қақпашысы Эмилиано Мартинес франциялық шабуылшыны әжуалауға тырысқан болатын. Бұған Месси кедергі келтірмеген еді. Бірақ осыған орай Мбаппе ешқандай пікір білдірмеді. Оның орнына Мессиді әлем чемпионы атануымен құттықтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0