Джошуа жаңа бапкер туралы шешім қабылдады

Промоутер Эдди Хирн DAZN тікелей эфирінде ауыр салмақтағы бұрынғы біріккен чемпион британдық Энтони Джошуа (24-3, 22 КО) жаңа жаттықтырушыны таңдағанын хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Хирн бапкердің есімін атаған жоқ. Шамасы, Дшоуа бапкерді жеке өзі таңдайтын секілді.
Хирн Джошуаның оқу-жаттығу жиыны келесі аптада басталатынын, оның келесі жекпе-жегі Лондонда, Англияда 1 сәуірге жоспарланғанын айтты. Қарсыластың есімі әзірге белгісіз.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или