Қазақстандық екі боксшы Оңтүстік Кореяда жұдырықтасады

Жапониялық Treasure Boxing Promotions промоутерлік компаниясы Оңтүстік Кореяда бокс кешін өткізеді, оған Қазақстанның екі боксшысы қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Промоушен мәліметінше, бұл кеште орта салмақта <span>WBO International чемпионы Мейірім Нұрсұлтанов (18-0, 10 КО) пен суперауыр салмақтағы Нұрсұлтан Аманжолов (4-0, 3 КО) рингке шығады. Бірақ олардың қарсыласы кім болатыны әзірше хабарланбады.</span>
Ивент сәуірге жоспарланған.
Нұрсұлтанов кейінгі жекпе-жегін былтыр қазанда Люблинде (Польша) өткізіп, аргентиналық <span>Марсело Эстебан Косересті (31-5-1, 17 КО) төрешілер шешімімен жеңген.</span>
Ал Аманжалов былтыр ақпанда жұдырықтасты, Алматыда украиналық <span>Семен Пахомовты (2-17, 2 КО) үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңген.</span><span> </span>