WTA әлемнің үздік теннисшілері рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сындағы рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлемнің бірінші ракеткасы атағын польшалық Ига Свентек сақтап қалды. Үздік үштікке Тунис өкілі Онс Жабер мен америкалық Джессика Пегула енді.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина екі сатыға төмендеп, 23-орында тұр, Юлия Путинцева 51-орында қалды.
Қазақстандық Анна Данилина бір сатыға көтеріліп, 10-орынға жайғасты. Жібек Құламбаева 29 сатыға төмендеп, 233-орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или