«Астананың» экс-ойыншысы Израиль чемпионатында алғашқы ойынын өткізді

«Астананың» экс-ойыншысы Израиль чемпионатында алғашқы ойынын өткізді

Хайфалық «Хапоэльдің» белорус қорғаушысы Денис Поляков жаңа командада дебюттік ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Израиль чемпионатының 17-ші турындағы ойында Поляковтың клубы Хадераның «Хапоэлін» (3:0) ұтты. Поляков алаңға 74-минутта кірді. Поляковтың командасы турнирлік кестеде бесінші орында.

Еске салайық, беларусь қорғаушы алғаш рет «Астана» сапында 2022 жылдың ақпанында өнер көрсетті, онымен бірге Қазақстан чемпионатының алғашқы маусымында-ақ алтын медаль жеңіп алған болатын.

Ол елордалық клуб сапында барлығы 24 кездесу өткізіп, 1 гол соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0