Дидье Дешам Франция футбол федерациясымен жаңа келісімшарт жасасты

Дидье Дешам Франция футбол федерациясымен жаңа келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Матч ТВ сайтына сілтеме жасап.
Маман ұлттық құраманың бас бапкері болып 2026 жылдың маусымына дейін қалады.
Дешамның көмекшісі Гай Стефан, қақпашылар бапкері Фрэнк Равио және физикалық дайындық бапкері Сирил Мойн де 54 жастағы маманның штабында жұмысын жалғастырады.
Дешам Франция құрамасын 2012 жылдан бері басқарып келеді. Оның жетекшілігімен команда 2018 жылы әлем чемпионы, 2021 жылы Ұлттар лигасының жеңімпазы атанды, сонымен қатар 2022 жылғы әлем чемпионатының және 2016 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлделерін жеңіп алды.
Фото: Michael Regan - FIFA / Contributor / FIFA / Gettyimages.ru
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или