«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы бразилиялық клубпен жаңа келісімшарт жасасты

Бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав өз елінің екінші дивизионында бақ сынайтын «Спорт Ресифи» клубымен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Вагнер Лав «Спорт Ресифиге» 2022 жылдың екінші жартысында ауысқан, ол қазір біздің команданың маңызды бөлігіне айналды. 17 ойында шабуылшы жеті гол соғып, бір нәтижелі пас берді», - деп жазды «Спорт Ресифи».
Айта кетейік, Лав Бразилия құрамасы сапында 20 матч өткізіп, төрт гол соққан. Оны қазақстандық жанкүйерлер алматылық «Қайраттың» бұрынғы ойыншысы ретінде таныйды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или