Зарина Дияс тенниске қашан оралатынын айтты

Зарина Дияс тенниске қашан оралатынын айтты

Қазақстандық Зарина Дияс тенниске жарты жылдан кейін қайта оралмақшы, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, Дияс осыған байланысты өз пікірін бөліскен.

«Өткен жыл мен үшін күрделі болды. Денсаулығыма орай қиындықтар туындап, үзіліс алуыма тура келді. Сондықтан рейтингім де төмендеп кетті. Қазір қалпыма келіп жатырмын, денсаулығым жақсарып қалды. Теннис, турнир, жанкүйерлерді сағындым. Тенниске сәуір айында оралуды көздеп отырмын. Бәріңізді Жаңа жылмен құттықтап, тыныштық, ашық аспан, барша жақсылықты тілеймін», -деді Дияс.

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или