Дэвис кубогы матчына қатысатын Қазақстан құрамасы жарияланды

Дэвис кубогы матчына қатысатын Қазақстан құрамасы жарияланды

Дэвис кубогы іріктеу сайысында 4-5 ақпан күндері Чилимен өтетін матчқа қатысатын Қазақстан құрамасы жарияланды.

Юрий Щукин бастаған бапкерлік құрам мына ойыншыларға тоқтады. Жекелей сында Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик, рейтингте сәйкесінше 124-ші және 195-орында тұрған Тимофей Скатов пен Михаил Кукушкин ел намысын қорғайды. Жұптық сында әлемнің 49-ракеткасы Андрей Голубев пен Александр Недовесов (55-орын) кортқа шығады.

Ойындар Ла-Серена қаласының топырақ төсенішіндегі корттарында болады. Матч жеңімпазы Дэвис кубогының финалдық кезеңіне жолдама алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или