Қазақстанда футбол алаңдарын лицензиялау туралы ұлттық стандарт бекітілді

Қазақстанда футбол алаңдарын лицензиялау туралы ұлттық стандарт бекітілді

Қазақстан футбол федерациясының тапсырысы бойынша ҚР сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті «Табиғи және жасанды футбол алаңдары. Құрылғыға және пайдалануға қойылатын талаптар» ҚР Ұлттық стандартын әзірледі және бекітті.

Стандарт ҚФФ және ҚКФЛ ұйымдастыруымен өткізілетін жарыстарға қатысуға мәлімделген стадиондар үшін міндетті болмақ. Ұлттық стандартта стадиондарды салу, қайта құру, футбол алаңдарын төсеу, ауыстыру және жаңарту кезінде табиғи және жасанды футбол алаңдарының техникалық шарттары, талаптары мен сипаттамалары, сондай-ақ көгалдарға күтім жасау бойынша міндетті талаптар мен ұсыныстар көрсетіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0