Роналду «Әл-Насрдағы» дебютін қашан өткізеді?

«Әл-Насрдың» Сауд Арабиясы чемпионатының 12-турындағы «Әл-Таиға» қарсы кездесуі өтпей қалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ойын 5 қаңтарда Астана уақытымен 21:00-де басталуы керек еді. Кездесу Эр-Рияд қаласындағы қатты жауынға байланысты өтпей қалды.
Бұл жақында «Әл-Насрға» ауысқан Криштиану Роналдудың дебюті болуы мүмкін еді. Ол араб командасымен 2,5 жылға келісімшарт жасасқан.
Ал, Daily Mail, мәліметінше, Роналду «Әл-Наср» сапында дебютін әзір өткізбейді. Форвард былтыр аутизмі бар баланың телефонын сындырғаны үшін 2 матчтық дисквалификациясын әлі өтеген жоқ.
Осылайша, Роналду жаңа клубы сапында 21 қаңтарға дейін ойнай алмайды. Ал дәл сол күні оның командасы «Әл-Иттифакпен» күш сынасады. Роналду дебютін осы күні өткізуі мүмкін. Бірақ оған дейін бүгін шегерілген «Әл-Таиға» қарсы матч өтуі керек.