«Қайсар» болгариялық командамен жолдастық матч өткізеді

«Қайсар» Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында Софияның «Локомотивімен» жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч 25 қаңтарда өтеді.
Айта кетейік, «Қайсар» бұған дейін екі бақылау ойынын өткізді. Алдымен италиялық «Сампдориядан» (0:3), кейін Өзбекстан олимпиадалық құрамасынан (1:2) жеңілді.