русский язык
Әлем футболы

Роналду «Аль‑Насрдың» алдағы екі ойынына қатыспайды

Роналду «Аль‑Насрдың» алдағы екі ойынына қатыспайды

Криштиану Роналду «Аль‑Наср» сапында Сауд Арабиясы чемпионатының алдағы екі матчына қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

37 жастағы футболшы сейсенбі күні клуб ойыншысы ретінде таныстырылды. Бірақ ол 5 қаңтардағы «Аль-Таи» және 14 қаңтардағы «Аль-Шабабқа» қарсы матчқа қатыса алмайды. Қараша айында Англия футбол қауымдастығы (FA) сәуірде «Манчестер Юнайтедте» ойнап жүрген кезінде аутизммен ауыратын баланың телефонын сындырғаны үшін португалиялық шабуылшыны екі матчқа шеттеткен.

ФИФА ережесіне сәйкес, матчтан шеттету басқа чемпионатқа ауысқаннан кейін де орындалуы керек.

Айта кетейік, португалиялық ойыншы желтоқсан айының соңында «Аль-Насрмен» екі жылға келісімшартқа отырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;