«Аль-Насрда» өзбекстандық шабуылшы мен Роналду арасында дау шықты

«Аль-Насрда» өзбекстандық шабуылшы мен Роналду арасында дау шықты

Осы сенбіде Криштиану Роналду арабиялық «Аль-Насрмен» келісімшартқа отырды, деп жазады Prosports.kz.

<span>Дәл сол күні жаңа клубының жетінші нөмірлі жейдесімен ұтсап суретке де түскен.</span>

<span>Роналду Сауд Арабиясында жетінші нөмірмен ойнағысы келеді. Клуб та осыған келіскен. Бірақ бұған келіспейтін бір адам бар екен. Ол жетінші нөмірдің бұрынғы иесі, өзбекстандық Жалолиддин Машарипов.</span>

<span>Машарипов «Аль-Насрға» 2021 жылы ауысқан. Бірақ команданың негізгі құрамдағы ойыншысына айнала алмады. Өзбек шабуылшысы жетінші нөмірді португалиялық футболшыға беруден бас тартты, инсайдер ақпаратына сенсек, клуб онымен келісімшартты бұзбақшы.</span>

<span>SSC Sports хабарлағандай, «Аль-Наср» басшысы Мусалли Аль Муаммар Машариповтың трансферге қойылғанын жоққа шығарды. Оның айтуынша Жалолиддин 77-нөмірмен өнер көрсетуге келісті. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или