«Астананың» бұрынғы ойыншысы «Спартакқа» ауыспайтын болды

«Астананың» бұрынғы ойыншысы «Спартакқа» ауыспайтын болды

«Хетафенің» жартылай қорғаушысы Неманья Максимович «Спартакқа» ауыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Metaratings.ru басылымы хабарлағандай, клубтар ойыншының трансферлік сомасына келісе алған жоқ. Оның үстіне «Спартак» сербиялық футболшының командаға қажеті бар-жоғын білмей отыр. 

Осы маусымда Неманья Максимович «Хетафе» сапында Испания Ла Лигасында 12 матчқа қатысты. 2015-2017 жылдар аралығында ол «Астана» сапында өнер көрсеткен. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0