United Cup командалық турнирі: Александр Бублик швейцариялық теннисшіден жеңіліп қалды

Аустралияда тұңғыш рет United Cup командалық турнирі өтіп жатыр, В тобында үш команда - Польша, Швейцария және Қазақстан бақ сынауда, деп хабарлайды Prosports.kz.
Екінші күні қазақстандық теннисші Александр Бублик швейцариялық Стэн Вавринкамен кездесті.
1 сағат 54 минутқа созылған кездесу 7:6, 6:3 есебімен швейцариялықтың пайдасына шешілді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 0:3 есебімен келеді.
Бүгін қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева швейцариялық Джилл Тейхманмен кездеседі.
Фото: United Cup
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или