Әлем футболы

Әлемдік футбол қара жамылды: Әйгілі Пеленің қазасына байланысты Бразилияда үшкүндік аза тұту жарияланды

Әлемдік футбол қара жамылды: Әйгілі Пеленің қазасына байланысты Бразилияда үшкүндік аза тұту жарияланды

Футболдан үш дүркін әлем чемпионы атанған, футбол королі Пеленің қазасына қатысты Бразилияда үшкүндік аза тұту жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Құжат бейсенбі күні Diário Oficial da União үкімет басылымында жария етілді, деп жазады ТАСС.

«Бұрынғы футболшы Эдсон Арантис ду Насимент, Пеленің өліміне байланысты жалпыға ортақ үшкүндік аза тұту аталған бұйрық жарияланғаннан күннен бастап жарияланады», - делінген жарлық мәтінінде.

Пеле Бразилиядағы ауруханалардың бірінде жан тапсырды. Ол 29 қарашада шұғыл түрде жансақтау бөліміне жеткізілген болатын. Футболшы соңғы екі жылда тоқ ішектің қатерлі ісігімен күресіп, жеңіліске ұшырады. Ол 29 желтоқсанда 82 жасында көз жұмды.

Пеле футболшы ретінде әлем чемпионатында үш рет жеңіске жеткен жалғыз ойыншы. Ол 1958, 1962 және 1970 жылдары Бразилия сапында әлем чемпионы атанды. Ұлттық құрама сапында 92 ойын өткізіп, 77 гол соққан. Бұл рекорды 50 жыл бойы сақталған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0