Қазақстан футболы

«Қайсар» әзербайжандық командамен жолдастық матч өткізеді

«Қайсар» әзербайжандық командамен жолдастық матч өткізеді

«Қайсардың» Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясындағы келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ге сілтеме жасап.

Қызылордалық команда әзербайжандық «Шамахымен» (бұрын «Кешла» және «Интер» деп аталған) жолдастық кездесу өткізуге келісті. Матч 11 қаңтар күні таңертең өтеді деп жоспарланып отыр.

«Шамахы» Әзербайжан чемпионатының жоғарғы дивизионындағы 10 команданың ішінде жетінші орында тұр. «Қайсар» екі бақылау ойынын өткізіп үлгерді: Италияның «Сампдориясынан» (0:3) және Өзбекстанның Олимпиадалық құрамасынан (1:2) жеңілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0