русский язык
Теннис

Заңғар Нұрланұлы 2022 жылдың үздік шетелдік ойыншысы атанды

Заңғар Нұрланұлы 2022 жылдың үздік шетелдік ойыншысы атанды
Заңғар Нұрланұлы Еуропа теннис қауымдастығының (Tennis Europe Tour) «Жылдың үздік шетелдік ойыншысы» сыйлығымен марапатталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Заңғар жылды Еуропадағы үздік 10 теннисшінің қатарында аяқтады әрі жекелей және жұптық сында екі реттен жарыс жеңімпазы атанды, оған қоса Франциядағы беделді турнирдің финалына дейін жетті.

«Бұл марапатты алғаныма өте қуаныштымын. Жыл бойы жақсы өнер көрсетуге тырысып, әр додаға бар күшімді салдым. Бапкерлерім мен үлкен қолдау көрсеткен Қазақстан теннис федерациясына алғысымды айтқым келеді. Алдағы жылы маған жасөспірімдер арасындағы ITF турнирлерінде ойнауға тура келеді. Онда да намысты қолдан бермеймін», - деді Заңғар Нұрланұлы.

Өткен жылы бұл аталым бойынша тағы бір жерлесіміз Зара Дәркен үздік болған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;