Әлем футболы

Роналду Сауд Арабиясында қанша жалақы алуы мүмкін екені белгілі болды

Роналду Сауд Арабиясында қанша жалақы алуы мүмкін екені белгілі болды

Шабуылшы Криштиану Роналду «Аль-Наср» клубымен екі жылға келісімшартқа отыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол жылына 70 миллион еуро алады. Бұған дейін БАҚ Сауд Арабиясында 37 жастағы футболшының жылына 200 миллион еуро табыс табатынын жазған болатын. Алайда «Ән-Наср» президенті Мусли әл-Муаммар бұл қауесетті жоққа шығарып, БАҚ көптеген жалған ақпарат таратқанын мәлімдеді.

26 желтоқсанда Сауд Арабиясының клубы португалиялықты медициналық тексеруден өткізуді жоспарлағаны белгілі болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0