Әлем футболы

Әлем футболының аңызы Пеле отбасымен және достарымен қоштасты

Әлем футболының аңызы Пеле отбасымен және достарымен қоштасты
Қатерлі ісікке шалдыққан аты аңызға айналған бразилиялық футболшы Пеле отбасымен және достарымен қоштасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы британиялық кәсіпкер, спорт менеджері Фрэнк Халид Twitter-де жазды.
«Пеле аурухана төсегінде отбасымен және достарымен қоштасты. Футбол аңызы Пеле қатерлі ісікке қарсы күресте жеңіліп бара жатыр, отбасы оның жағдайы нашарлап бара жатқанын айтады», - деп жазды Фрэнк Халид.

Пеле Рождествоны ауруханада өткізуге мәжбүр болған.

Пеледен ауру былтыр, 2021 жылғы күзде анықталған, 82 жастағы бразилиялық химиотерапиядан өткен, бірақ кейін мұның әсері болмаған. Осыдан соң оның жағдайы біртіндеп нашарлай бастады және 29 қарашада ол тестілеу және емдеу курсын қайта тағайындау үшін ауруханаға жатқызылды.

Пеле (Едсон Арантес до Насименто) — әйгілі бразилиялық футболшы, үш дүркін әлем чемпионы (1958, 1962, 1970). Пеле Халықаралық олимпиада комитетiнің ұйғарымы бойынша XX ғасырдың спортшысы деп мойындалды. «Сантос» және «Нью-Йорк Ғарыш» клубтарында ойнаған. Бразилия құрамасында 92 матч өткізіп, 78 гол соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0