Қазақстан құрамасы Азия ойындарында Қытайдан жеңілді
Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында әйелдер арасындағы гандболдан жарыс басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алғашқы турда Қазақстан ұлттық құрамасы Ханчжоуда өткен алдыңғы Азия ойындарының қола жүлдегері Қытай құрамасымен кездесті. Матч қытайлық спортшылардың пайдасына 34:24 есебімен аяқталды.
Әйелдер арасындағы гандбол турнирі айналмалы жүйе бойынша өтеді. Жеті команда — Қазақстан, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Гонконг, Вьетнам және Өзбекстан бір-бірімен бір реттен кездеседі. Жарыстың қорытындысы командалардың жалпы кестеде жинаған ұпай саны бойынша анықталады.
Қазақстандық гандболшылар турнирдегі екінші кездесуін 20 қыркүйек, жексенбі күні Оңтүстік Корея құрамасына қарсы өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или