Мәскеуде хоккейші ойын кезінде мұз үстінде есінен танып, қайтыс болды

Мәскеуде хоккейші ойын кезінде мұз үстінде есінен танып, қайтыс болды

Жантүршігерлік оқиға «Арсенал III» және «Джерси 53» әуесқой командалары арасындағы матч кезінде болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

REN TV хабарлауынша, ойын Мәскеуде Яблочкова мұз аренасында өтті. Дереккөздің айтуынша, қатысушылардың бірі ауырып, мұзға құлап, есінен танып қалған. Дәрігерлер оны аман алып қалуға тырысқанымен, 45 жастағы ер адам ауруханаға бара жатқан жолда жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.

Айта кетейік, дәл осындай қайғылы оқиға қыркүйекте Нижний Новгородта өткен матчта да орын алып, 47 жастағы хоккейшінің жүрегі ауырып, оны аман алып қалумүмкін болмаған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или