Роналдудың агент Мендешпен қарым-қатынасы нашарлады

Қазір еркін агент атанған Криштиану Роналду Хорхе Мендешпен ынтымақтастығына көңілі толмай отыр.
Мендеш он жылдан астам футболшының мүддесін қорғап келеді. Өткен жазда оған Роналду жаңа клуб табуды тапсырды. Мендеш 30 клубтың тізімін ұсынған. Алдымен Роналду үш клубты, сосын тағы бес клубты таңдаған. Олардың ешқайсысында Мендеш Криштианумен келісім-шартқа қол қоюға келісе алмады.
Роналду Хорхе жұмысын өз деңгейінде атқармайды деп санайды. Ал, Мендеш Криштианудың соңғы айларда көп жанжал шығарғанына наразы.