Владимир Плотников «Қайратқа» оралды

Владимир Плотников «Қайратқа» оралды

«Қайрат» пен Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Владимир Плотников алматылық клубқа оралды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кәсіпқой карьерасын аяқтаған 36 жастағы қақпашы академия командаларының біріне бапкері ретінде «Қайратқа» оралды. Сондай-ақ Плотников клубтың негізгі және қосалқы құрамаларының қақпашылар бапкерлеріне көмектесетіні хабарланды.

Еске салайық, Владимир Плотников 2009 жылы, сондай-ақ 2015-2019 жылдар аралығында «Қайратта» өнер көрсеткен еді. Осы уақыт ішінде Владимир төрт рет (2015, 2016, 2017, 2018) футболдан Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанып, үш рет ел кубогын (2015, 2017, 2018) және екі рет (2016, 2017) Қазақстан Суперкубогын жеңіп алған болатын.

Фото: «Қайрат» ФК

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или