«Каспий» ганалық футболшыға қызығушылық танытып отыр

Ганалық жартылай қорғаушы Давид Мавутор Қазақстан чемпионатына ауысуы мүмкін. Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты хабарлады.
Былтыр Малайзияның «Негери Сэмбилан» командасында ойнағанған футболшыға «Каспий» қызығушылық танытып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Давид Мавутор «Шахтерге» 2021 жылдың шілдесінде қосылды. Содан бері 15 матч өткізіп, 2 гол мен 3 нәтижелі пастың авторы атанды. Футболшы 2018-2020 жылдар аралығында «Жетісудың» да намысын қорғады.