Алматыда жастар арасында Alma CUP 2022 қалалық чемпионаты өтті

Алматыда жастар арасында Alma CUP 2022 қалалық чемпионаты өтті

Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен түрлі санаттағы қала жастары арасында киберспорт бойынша «Alma CUP 2022» чемпионаты өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирге 32 команда қатысты, олар Counter-Strike: Global Offensive дисциплинасы бойынша 5х5 форматында сынға түсті.

Матчтарға AVANGAR командасында өнер көрсеткен CS:GO нұсқасы бойынша 2021 жылғы әлем чемпионы «Фитч» Бектияр Бақытов қазылық етті.

Чемпионат нәтижесінде үшінші орынды 5G1L командасы, екінші орынды SIGMA 16 командасы иеленді.

Azizpeek командасы турнир чемпионы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или