Қазақстан футболы

Украиналық шабуылшы «Ақтөбеден» кетті

Украиналық шабуылшы «Ақтөбеден» кетті
news-banner7
mobile-news-top

Танымал украиналық футболшы Виталий Балашов келесі маусымда «Ақтөбеде» ойнамайды, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

31 жастағы ойыншының «қызыл-ақтармен» келісімшарты аяқталды және Қазақстан вице-чемпиондары оны ұзартқысы келмейді.

Өткен маусымда ол Премьер-Лиганың 22 матчында бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Қазақстан кубоында үш гол соққан.

Шабуылдаушы жартылай қорғаушы «Ақтөбеге» дейін Қарағандының «Шахтер», Польшаның «Висла», украиналық «Олимпик», ресейлік «Тамбов» және «Чорноморец» (Одесса) клубтарында өнер көрсетті. 2012 жылы Украина жастар құрамасы сапында екі кездесу өткізген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0