Криштиану Роналду екі ойын қатарынан негізгі құрамнан тыс қалды
Әйгілі футболшы Криштиану Роналду әлем чемпионатында қатарынан екінші ойында негізгі құрам сапында алаңға шыққан жоқ.
Дәл қазір 1/4 финалында Марокко және Португалия құрамаларының кездесуі өтіп жатыр. Құрамалар жартылай финалға берілетін жолдамаға таласады. Әзірге есеп 0:0.
Португалия құрамасының бас бапкері Фернанду Сантуш негізгі құрамда Криштиану Роналдуды шығарған жоқ. Оның орнына Гонсалу Рамушқа сенім білдірді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или