ӘЧ: Хорватия қақпашысы Бразилия жұлдыздарын үйіне қайтарды

Футболдан әлем чемпионатының ширек финалында Хорватия мен Бразилия құрамалары кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Тоқсан минут бойы гол соға алмаған командалар қосымша жарты сағатта екі доп соғып, 1:1 есебімен тең түскен.
Пенальти сериясында хорват қақпашысы Доминик Ливакович бір соққы қайтарып, командасын 1/2 финалға алып шықты.
Хорватия жартылай финалда Нидерланды - Аргентина текетіресінің жеңімпазымен кездеседі.