Қазақстан құрамасының қорғаушысы «Зенитте» қала ма?

Қазақстан құрамасының қорғаушысы «Зенитте» қала ма?
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп санкт-Петербургтік «Зенитте» қала ма, жоқ па жақында белгілі болады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы ресейлік Bobsoccer.ru порталы хабарлады.

Басылым ақпаратына сенсек, «Зенит» қысқы трансферлік кезеңде бір қорғаушы мен бір шабуылшы сатып алуды көздеп отыр. Әліптің командада қалу-қалмауы осы трансферге қатысты болады.

Егер Ресей чемпионы Нұралыдан мықтырақ қорғаушы тапса, қазақстандық ойыншымен қоштасатын секілді.

«Қысқы трансферлік кезеңде «Зенит» екі позицияны - орталық қорғаныс пен шабуылды күшейтуді жоспарлап отыр. Клуб сол аяқпен ойнай алатын орталық қорғаушы мен Иван Сергеев және Матео Кассьеррамен бәсекелесе алатын шабуылшы іздеп жатыр. Жалға алу мерзімі 31 желтоқсанда аяқталатын Нұралы Әліптің болашағы жаңа орталық қорғаушының келу-келмеуіне байланысты», — деп жазды басылым.

Айта кетейік, Нұралы Әліп алматылық «Қайратқа» тиесілі ойыншы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер