Әлем футболы

Мбаппе әлем чемпионатында Роналду мен Мессидің мансабындағы рекордын жаңартты

Мбаппе әлем чемпионатында Роналду мен Мессидің мансабындағы рекордын жаңартты
news-banner7
mobile-news-top

Әлем чемпионатының 1/8 финалындағы Польшамен өткен матчта (3:1) дубль авторы атанған Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе соққан голдарының саны 250-ге жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Opta порталы хабарлады. Поляктармен болған кездесу француз үшін кәсіби мансабындағы 360-шы кездесу болды. Бұл көрсеткішке жету үшін Мбаппеге португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдудан (510) 150 ойынға аз және ПСЖ шабуылшысы Лионель Мессиден (379) 19 ойынға аз қажет болды.

Мбаппе төрт матчта бес гол соғып, Катардағы әлем чемпионатында сұрмергендердің көшін бастап келеді.

23 жастағы француз 24 жасқа дейін әлем чемпионатында сегіз гол соққан алғашқы ойыншы болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер